Күндердің күнінде қыр басында Әнет бабаға Қазыбек би жолығып:
– Әнет баба, бұл жерден не іздеп, кімді іздеп жүрсіз – деп сұраған екен. Сонда Әнет баба:
– Өзімді өзім іздеп жүрмін шырағым – деп жауап беріпті. Бұл жауапты Қазыбек бидің түсіне қоймағанын аңғарған қарт баба:
– Шырағым, адам баласы Алланың бұйрығымен адал, таза, пәк күйінде дүние есігін ашады. Есейе келе өмір атты мектептің талай сынақтарынан өтеді. Сүрінеді, жығылады, бірде күледі, бірде жылайды. Сөйтіп жүріп баяғы бала күнгі пәктігін жоғалтады. Дүние деген опасызға жолығады. Қанша соңына түсіп қуса да, бұлаңдаған түлкі дүниенің жеткізбесіне әбден көзі жетіп, бойдан қайрат, баяғы күш-жігер кетіп қартайған соң, әу баста жоғалтқан сәбилік болмысына қайтып оралады. Мінекей, бізде қартайдық. Топ алдында сөз алып та көрдік, тұлпар мініп топ жарып та көрдік, өткел бермес дариядай буырқанып тасып, кемерінен асып та көрдік, бәрі өткінші жалған екен. Енді міне, осы айтылғанның ешқайcсысының бүгінде маған керегі жоқ. Тек қана баяғы күнәдан пәк, адал жүрегім керек. Өзімді-өзім іздеп жүрмін дегенім осы айналайын – деген екен.
Ақиық ақын Мұқағали атаң бір өлеңінде:
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған, – дейді.
Кішкентай ғана ботақаным, бүлдіршінім, ӘбуБәкіржан!
Сені көруге шын мәнінде асықпын! Сен әлі анаңның құрсағында жатқаннан саған сәлес жолтайтын алыстағы әпкең, сенің тілеулесіңмін, жаным! Сенің жаныңа барып, иіскеп, ата-анаңның қуанышын бөліскім келер еді! Еһб Әбужан, мені осылай қиналып жазғаныма қарап, түрмеде қамалып отыр ма деп ойлаған боларсың, сірә... Алайда, бұл дүниелік өмірдің қу тірлігі шынымен бір түрмедей... Дүние түрмесіне қамаулымыз, өкінішке орай...
Сен қазір пәксің, періштесің, Аллаһ тағалам сені жаратқан кіршіксіз таза қалпыңда- шынайы болмысыңдасың. Осы болмысыңнан танбай, өне бойы мүбәрәк қалпыңда қалуыңа тілектеспін! Сол үшін де қай жерде жүрсем де саған дұға етермін!
Сен маған ренжімеші, жарайды ма?!
Сенің ата-анаң мені түсінеді. Олар - өте керемет жандар, еш байыз таппай, ешбір тыным көрмей, күн демей, түн демей қайтсем халқыма пайдам тиер деп жүрген асыл жандар! Солар аман болсын!
Әпкең әсел